Елімізде алғаш рет емшек сүті сақталатын банк ашылмақ.
Жаңа жобаны Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы іске асырады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл табиғи тағамды анасынан тікелей ала алмайтын ерекше медициналық қажеттігі бар шала туған және жаңа туған нәрестелердің өмірін сақтауға бағытталған. Осы арқылы жансақтау бөліміндегі жаңа туған нәрестелерінен мәжбүрлі түрде бөлінген аналарға қолдау көрсетіледі.
Емшек сүті анасынан алынған соң медбикенің бақылауымен міндетті таңбаланған стерильді жеке ыдыстарда сақталады. Жеке және клиникалық емшек сорғыларын пайдалануға рұқсат етіледі.
Банк сауылған сүттерді төмен температурада сақтайды.