Естімеген елде көп. Келінін балағаттаған қайын ата жауапқа тартылды.
Қызылордада ер адам мас күйде келініне құрметсіздік танытып, балағаттаған. Шамданған келін сотқа жүгініпті. Себебі мұндай жағдай жиі қайталанады екен. Осылайша сот ер адамды 5 тәулікке қамауға алды. Сонымен бірге 3 ай алкоголь ішуге тыйым салды.