Еліміздегі соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден  берілмек.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 120 соғыс ардагері, сондай-ақ жеңіске үлес қосқан 42 545 азамат тұрады. Оның ішінде: қоршаудағы Ленинград тұрғындары, концлагерьдің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары, соғыс кезінде жараланған, контузия, зақымдану немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайлары, соғыста қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері және тыл еңбеккерлері бар. Айта кетейік, биыл Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай әскери шеру өтеді.

Жеңіске үлес қосқан – 42 545 азамат

Қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 67 адам

Концлагерьдің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 139 адам

Соғыс кезінде жараланған, контузия, зақымдану немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайлары – 743 адам

Соғыста қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері – 2 адам

Тыл еңбеккерлері – 41 594 адам

Бір реттік жәрдемақы Жеңістің 80 жылдығына орай беріледі. Қазір Қызылорда облысында екі ардагер тұрады. Яғни 5 млн-ды екеуі де алады. Әкімдік мәліметінше, әлеуметтік жеңілдіктерден бөлек оларға тегін медициналық көмек көрсетіледі. Облыста Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген тыл ардагерлеріне 50 АЕК (196 600 теңге) мөлшерінде жәрдемақы беріледі. 

БӨЛІСУ