Қызылордада «Жасөспірім» алдын алу іс-шарасының 4 күнінде 30 ата-ана жауапкершілікке тартылды.
«Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде 4 күнімен барлығы 264 түрлі әкімшілік хаттамалар рәсімделсе, 4 жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне алынды, қадағалаусыз және панасыз қалған 2 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылды.
Әкімшілік кодексінің 127-бабы бойынша, ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін барлығы 30 ата-анаға хаттама толтырылды.
Кодекстің 132-бабы (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру)- 6, Кодекстің 423-1-бабы (Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату) бойынша 1 құқық бұзушылық анықталды.
Кодекстің 434-2-бабы (ортақ пайдаланатын орындарды ластау) бойынша 3 құқық бұзушылық анықталды.
Ал, кодекстің 435-бабы (кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) бойынша 7 дерек анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама толтырылды.
Кодекстің 437-бабы (түнгі тыныштық бұзу) бойынша 1 және 449-бабы (қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 3 кәмелетке толмаған анықталып, оларға әкімшілік хаттамалар рәсімделді.