Екі облыста балалар бейнеленген порнографиялық видеолар 2 500 теңгеге сатылған
Ол үшін арнайы Telegram-арна ашылған. Онда барлығы 8012 адам тіркелген. Арнада Қазақстан және ТМД елдерінің жазылушылары бар.
Полиция мәліметінше, видеоны 2006 және 2007 жылы туған екі қызылордалық сатқан. Олар ұсталды.
Ұйымдастырушылар мен жазылушылардың жеке басы анықталды. Олар Түркістан және Қызылорда облыстарында ұсталды. Ұйымдастырушы бұған дейін де ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Қазір қамауда.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 8012 тіркелуші де тексеріледі.