Ағымдағы жылдың 20 ақпанында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы №392 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген “Қаржылық есептілік аудиті” рәсімдік стандартына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргіздім.

Семинар барысында, қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезеңдері бойынша:
– жоспарлау (ішкі бақылау жүйесін тестілеу; зерттеу әдістерін айқындау (тұтас немесе іріктеулі), аудит жоспарын және бағдарламасын жасау және бекіту);
– аудитті мәні бойынша жүргізу (аудиторлық дәлелдерді, аудиторлық рәсімдерді, аудиторлық іріктеуді жинау);
– аудитті аяқтау (аудит нәтижелерін қорыту және оларды құжаттық рәсімдеу).
Мемлекеттік аудитор аудиттелетін объектінің бухгалтерлік есеп жүйесінде:
-қаржылық есептілікті белгіленген тәртіппен және мерзімінде жасаудың сәйкестігін;
-бухгалтерлік рәсімдерді қызметтің ерекшелігін ескере отырып, жүргізуді;
-бухгалтерлік операциялар орындау мерзімдерін;
-бюджеттік есептілікті зерделеуді қарастыратындығы туралы тақырыптар бойынша талқылау болды.

Қызылорда облысының ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаржылық есептілік аудиті бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудитор Палманова Эльмира Сабырқызы

БӨЛІСУ