Түнгі клубта 50-ден аса адам тірідей жанып кетті.
Солтүстік Македонияда түнгі клубтағы өрттен 59 адам қаза тауып, тағы 100-ден астамы жарақат алды.
Өрт жексенбі Кочани қаласындағы Pulse түнгі клубында болған.
Өрт болған уақытта сахнада елге танымал ADN хип-хоп дуэті өнер көрсетіп жатқан. Концертке шамамен 1500 адам жиналғаны хабарланды.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, өрттің шығуына пиротехникалық эффектілер себеп болуы мүмкін. Бейнежазбаларда сахнадан шыққан ұшқындардың төбеге тиіп, артынша жалынның әп-сәтте бүкіл ғимаратты шарпығаны байқалады.