Қазақстанда енді жедел жәрдем мен полиция көлігіне жол бермегендерге айыппұл бар. Мұндай жүргізушілерге 80 мың теңгеге дейін айыппұл салынбақ.
Осы айдан бастап бірқатар жол жүру ережелеріне өзгеріс енгізіледі. Мәселен жүріп келе жатқан көлікте басын шығарғандар 40 мың теңгеге дейін айыппұл арқалайды.
Дегенмен заңда жұмсартылған тұстар да бар. Мәселен, жол-көлік апатында кінәлі жүргізуші, ешкімнің өліміне себепкер болмаса, бұған дейін жүргізуші куәлігінен жарты жылға дейін айырылатын болса, енді 80 мың теңге айыппұл төлеп, жазадан құтыла алады.