«QazaqGaz Aimaq» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келіп, сапар аясында компанияның Қызылорда өндірістік филиалының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында негізгі өндірістік мәселелер талқыланды, оның ішінде:
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап газды өткізу бойынша жабдықтау үстемесін ескере отырып, газ бағасын көтеру;
Компанияның 2025 жылға арналған қаржылық нәтижесін жақсарту;
Облыс бойынша дебиторлық берешекті азайту;
Табиғи монополияларды реттеу департаментінде (ТМРД) бекіту үшін 2026-2030 жылдарға арналған газ тасымалдау бойынша тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны қалыптастыру.
Кездесу соңында «QazaqGaz Aimaq» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров Қызылорда өндірістік филиалының қызметкерлеріне жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі мен адалдығы үшін алғысын білдірді. Бас директор 198 жұмыскерден тұратын ұжымның өңірді үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз етудегі елеулі үлесін атап өтті. Олар 140 мыңнан астам абонентті, 3 мыңға жуық коммуналдық-тұрмыстық объектілерді және 233 өнеркәсіптік кәсіпорындарды газбен жабдықтайды. Филиалдың пайдалануындағы газ құбырларының жалпы ұзындығы 4 090 км, сондай-ақ газ тасымалдау жүйесінің сенімді және тиімді жұмысын қамтамасыз ететін 2,5 мыңнан астам техникалық нысан бар.
Бауыржан Асқаров Қызылорда өндірістік филиалының «QazaqGaz Aimaq» АҚ дамуындағы және өңірді тұрақты газбен қамтамасыз етудегі стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, газ саласы қызметкерлерінің жұмысының тиімділігі мен сенімділігін одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті.

БӨЛІСУ