6 жылдан астам уақыт жасырынып жүрген кісі өлтіруші Қырғызстанда табылды.
ҚР ІІМ және Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының нәтижесінде 33 жастағы азамат Бішкек қаласында ұсталды. Ол 2018 жылы Балқаш қаласында екі рет кісі өлтіргеннен кейін сот төрелігінен жасырынған.
Күдікті УҰИ-ға қамалды. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.