Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 28 жаңа мектеп салынады.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 22 мың оқушы орнына арналған тағы 28 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Қор жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Оның негізгі мақсаты білім беру ұйымдары үшін жаңа ғимараттар салу арқылы апатты мектептер мен орын тапшылығын жою.

«Мемлекет балалар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөліп келелі. Бүгінгі таңда 74,4 мың орындық 61 мектеп пайдалануға берілді, оның 29-ы ауылдық елді мекендерде орналасқан», – деп атап өтті Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Мақсұтов.

Еске салсақ, аталмыш қор есебінен 100 мыңға жуық оқушы білім алатын 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.

БӨЛІСУ