Электронды темекіні елге әкелгені үшін шетел азаматы бас бостандығынан айырылды.

Бейнеу ауданының соты шетел азаматын электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) елге әкелгені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Шекара бекетін тексеру барысында автокөліктің жүк салғышында 4 550 дана «WAKAsoPro20000» маркалы электрондық тұтыну жүйелері анықталған.

Заңды күшіне енген сот үкімі бойынша көрсетілген тауарлар жоюға жіберілді.

БӨЛІСУ