АТАҚТЫ ӘНШІ,ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІЛЕР ДЕ ЖҮР САЛЫҚҚА БЕРЕШЕГІ БАРЛАР ТІЗІМІНДЕ

Блогерлерге салық мәселесі бүгінгі күннің негізгі тақырыбы болды. Тіпті тізімдері желіге шығып кетті. Салық органдары көрсеткен қаржы көлемі әжептәуір. Алғашқылардың бірі болып Ләйлә Сұлтанқызы жеке парақшасында пікір білдірді.

“Қымбатты оқырманым,  әлеуметтік желіде тарап жатқан мына суретті маған жарыса жіберіп жатыр екенсіздер. Өзгелер үшін жауап бере алмаймын. Мен соңғы 5-6 жылда дара кәсіпкер ретінде тіркеліп, заңды түрде салығымды төлеп отырмын. Бірақ бірден айтайын, менің оборотым мына жерде көрсетілген сомаға сай келмейді. Әрі 2023 жылы 10 шілдеде күшіне енген Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Қазақстан Республикасының Заңына сай толығымен жұмыс істеп жатырмын деп сенімді түрде айта аламын. Мен өзім салық, құжат дегендерге бей-жай қарай алмайтын адаммын. Оны көмекшілерім де,  заңгерім де, есепшім де (бухгалтер) растай алады. Кәдімгідей қандарын ішем ғой.
Сондықтан да алдағы уақытта салық органдарына  жүгініп, міндетті түрде қайта тексерісті талап етемін. Салықтан ешкім жалтармайды, жалтармауы да тиіс. Ол әлеуметтік саланың бірден-бір қайнар көзі. Жанашырлық танытып жатқан жандарға да алғыс. Алдағы уақытта салық есептелігінің нәтижесімен міндетті түрде бөлісемін,”-деді.
Тізімде Мейрамбек Бесбаев,Тоқтар Серіков, Ерке Есмахан бастаған әншілер, Өркен Кенжебек сынды танымал блогерлер де жүр.

БӨЛІСУ