2025 жылдың 24 наурызынан бастап елімізде смартфондардың “қара тізімі” енгізіледі.
Енді Цифрлық даму министрлігі байланыс операторларын смартфондардың IMEI кодтарын тексеріп, оларды ақ, сұр және қара тізімдерге бөлуге міндеттейді.
Егер смартфон заңды түрде сатып алынса “ақ тізімге” енгізіледі;
Сатып алудың заңдылығына күдік туындаса (мысалы, IMEI коды қайталанса) құрылғы уақытша “сұр тізімге” қосылады. Иесіне мәселені шешу үшін 30 күн беріледі. “Ақ тізімге” ауысу үшін пайдаланушы құрылғыны заңды сатып алғанын растайтын құжат ұсынуы керек;
Телефон жалған немесе ұрланған болса, ол қара тізімге түсіп, желіні қабылдай алмайды.
Республикада смартфондарды тіркейтін арнайы портал іске қосылады. Жаңа ережелер құрылғылардың бағасына әсер етпейді.