Астанадағы лифтердің бірінде жігіт кішкентай баланы пышақтап тастады.

“Оқиға бойынша тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрған кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды.  Оның заңды өкілдері полицияға шақыртылды, олар тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңмен жауапқа тартылады. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шабуыл жасаған жасөспірім қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін белгіленген тәртіппен оқшауланатын болады”, – деген полиция хабарламасында.

Бала ауруханада. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы ауыр.

БӨЛІСУ