Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызының көлемін жариялады.

Ұлттық банк мәліметінше, 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 165 миллиард 630 миллион долларды құрады. Оның 91 миллиард доллардан астамы тікелей инвестициялар. Тағы 13,2 миллиард доллар – банктердің қарызы (2,4 миллиард доллары – Ұлттық банктің қарызы), 12,7 миллиард доллар – мемлекеттік басқару органдарының қарызы. Қалған 45,5 миллиард доллар қарыз басқа секторларға тиесілі.

Айта кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарында сыртқы қарыздың көлемі 163 миллиард 551 миллион долларды құраған.

БӨЛІСУ