Мұғалімді  “мектепті жарып жібереміз” деп қорқытып, 80 миллион теңге талап еткен

Оқиға 6 ақпан күні сағат 11:30-да болған. №3 білім ордасында тарих пәнінен сабақ беретін мұғалімге қорқынышты хабарлама келген. Онда: “көрсетілген банк шотына 80 миллион теңге аудармасаң, сағат 14:00-де мектепті жарып жібереміз” деп жазылыпты. 

Мұғалім тез арада полицияға хабарласқан. Дегенмен хабар жалған болып шыққан. Жағдай білім басқармасы мен полиция қызметкерлерінің бақылауында. Сабақ әдеттегідей жалғасып жатыр екен. Атырау облыстық Полиция Департаменті тергеу басталғанын хабарлады. 

БӨЛІСУ