Полиция қарт ананың екі жарым ай бойы іздеген ұлын тапты.
Қызылорда облысының полицейлері қала орталығында ер адамды тоқтатып, оның жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ екенін анықтады. Оны тұрақты мекенжайы мен құжаттары жоқ адамдарды қабылдау-тарату орнына орналастырып, дереу жақын туыстарын іздеуге кіріседі.
Белгілі болғаны Жамбыл облысының Қордай ауданында қарт ата-аналары іздеп жатқандығы. Ұлының табылғанын естіген ана Қызылордаға келіп, баласымен қауышты.