Енді қыз алып қашқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Депутат Мұрат Әбеновтің айтуынша, қыз алып қашқандар бас бостандығынан айыру, айыппұл, қоғамдық жұмыс сынды жазаға тартылады. 

“Бәрі жағдайға байланысты. Бұл бір топ адаммен жасалса, кәмелетке толмаған балаға қатысты болса, қандай да бір зиян келтірілсе, психологиялық немесе физикалық қысым жасалды ма”, бәрі ескеріледі”, – деді депутат.

Қыз алып қашу бұған дейін жалпылама “Адам ұрлау” деп қарастырылатын. Енді қызды үйлену үшін ұрлау деп бөлек қарастырылады. 

БӨЛІСУ