Бопсалады деген күдікпен ұсталған екі блогер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы прокуратурасының ресми мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (“Ерекше ірі мөлшерде жасалған бопсалау”) бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Бұл бап 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ мүлікті тәркілеуді қарастырады.

Айта кетейік, блогерлердің ұсталғаны туралы ақпарат 23 қаңтарда белгілі болды. Оларды жәбірленушінің арызы негізінде 10 миллион теңге алған сәтінде ұстағаны хабарланған еді.

БӨЛІСУ