Оралдан Астанаға бет алған FlyArystan әуе компаниясына тиесілі FS 7366 ұшағы Орал әуежайынан шыққан кезде құстармен соқтығысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұшақ жүйелері мен қозғалтқыштарының жұмысында ауытқулар болмағандықтан, экипаж ұшуды жалғастырып, Астана қаласының әуежайына штаттық режимде қонады.
“Ұшақ келгеннен кейін сол қозғалтқыштағы компрессор қалақшалары мен фюзеляжда көптеген зақымданулар анықталды. Сондай-ақ, құстардың қалдықтары қозғалтқышта және басқа жерлерде табылды. Орал әуежайында осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында құстардың түрлерін анықтау үшін ДНК-тестілеуге жіберіледі”, – делінген Air Astana компаниясының хабарламасында.
Хабарламада көрсетілгендей, 2024 жылы құстармен соқтығысу дерегі 2023 жылмен салыстырғанда 30%-ға көбейген. Атап айтқанда, Air Astana компаниялар тобы 203 оқиға тіркепті