Қылмыс жасаудан нәзік жандылар да қалысып жатқан жоқ. Әсіресе алаяқтық, сенімге кіріп бөтеннің мүокіне иелік ету сынды қылмыстар әйелдердің қатысвмен белең алып тұр. Мәселен бүгінде Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 70-ке жуық сотталған әйел есепте тұрады.
Оларды ҚАЖ инспекторлары қадағалап тұрады. Әйткенмен жаза басқанның қоғамға бейімделуіне толық құқы бар. Сондықтан тұрақты түрде әлеуметтік-құқықтық және психологиялық көмек көрсету, танымдық шаралар ұйымдастыру жоспарлы жұмыс.
“Анаға тағзым орталығында” өткен кезекті шара пробация қызметінің есебінде тұратын әйел-аналарға арналды. «Отбасы – бақыт мекені» тренингінде қатысушылар іргесі берік жанұяны қалыптастыру, жұбайлар жарасымы, ана мен бала қарым-қатынасы тақырыптары төңірегінде ой-пікір алмасып, теолог, психолог мамандардың кәсіби кеңесін тыңдады.