Жезқазған қаласында орналасқан мұнай базаларының бірінің аумағында арнайы мақсаттағы 3 автокөлік өрттенді.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін газ-ауа қаоспасы жарылып, ангардың қабырғаларының қирауы орын алды. 

 Оқиға орнына бірнеше минут ішінде дереу келген ТЖМ-нің алғашқы бөлімшелері қорғаныс жылу шағылыстырғыш костюмдерінде өртті сөндіре бастады. Сол кезде қосымша өрт сөндірушілер де  келіп жетті.  

Өртке жақын тұрған гидранттарға  автоцистерналарды орналастыра отырып, өрт сөндірушілер көбік шабуылының көмегімен өртті 100 шаршы метр алаңда сөндірді. Өрт салдарынан мұнай базасының 4 қызметкері ауруханаға жатқызылды. Өрттің себебі анықталуда.

БӨЛІСУ