Ертең, яғни 25 қаңтар күні Құлагер (Әлеуметтік дүкеннің жанында) және Тағзым алаңында (Вечный огонь) «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының және оның серіктестерінің ұйымдастыруымен кезекті жәрмеңке өтеді.

Ауа-райының салқын болуына байланысты жәрмеңке сағат 11:00-ден басталады. Онда өңірлік тұрақтандыру қорынан алынған әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер және корпорация серіктестерінің тауарлары төмен бағада сатылатын болады. Сондай-ақ, соңғы уақытта еліміде бағасы күрт өсіп кеткен картоп өнімі нарықтан ең арзан бағада 177 теңгеден сатылмақ.

БӨЛІСУ