Сағат 13.00 шамасында Қарағанды облысы Ақсу-Аюлы ауылы “Екатеринбург–Алматы” автожолының 20 шақырымында автожолды қайта жаңарту учаскесінде алдын ала мәлімет бойынша 19 жеңіл автокөлік жол көлік оқиғасына түсті.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары, психологтар, ҚР ТЖМ АМО және жедел жәрдем дәрігерлері дереу келді.
Оқиға орнында ТЖМ вахтасы орналасқан, онда ЖКО қатысушыларын жылыту жүзеге асырылады. Жедел жәрдем бригадасы Ақсу-Аюлы ауылындағы аудандық ауруханаға 9 адам жеткізіледі.
Қазіргі уақытта кептеліс жоқ, қозғалыс арнайы қарсы жолақ бойымен жүзеге асырылады.