Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Ақорданың ресми парақшасында жарияланды.

 Отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

Сонымен қатар Премьер-Министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.

БӨЛІСУ