1100-ден астам мемлекеттік мекемелер (мектептер, балабақшалар, ауруханалар, балалар үйі және т.б) азық-түлікті жоғары бағамен сатып алған.
2024 жылы Қаржылық мониторинг
агенттігі азық-түлік бағаларын көтерудің 817 жағдайын анықтаған, оларға қатысты материалдар өңірлік комиссияларға тапсырылды.
685 мекеменің мемлекеттік сатып алу келісімшарттары қайта қаралып, нәтижесінде 370 млн теңгеден астам қаржы үнемдеуге себін тигізді.
Агенттік мемлекеттік мекемелердің азық-түлік сатып алу қызметін қадағалап, “алып-сатарлық” схемаларды анықтауға бағытталған жобаны жүзеге асыруда.
Бұл жұмыс кәсіпорындардың қызметіне араласусыз, тек IT құралдарын пайдалану арқылы жүргізіледі.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 69 тиімсіз делдал шеттеліп, 600 әкімшілік хаттама толтырылды, 11 млн теңге көлемінде айыппұл төленді.

ҚМА мемлекеттік мекемелер өнім өндірушілерден және ірі көтерме саудагерлерден тікелей сатып алу, сауда үстемақыларын асыра көтергені үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту, заңсыз алынған табыс көлеміне пара-пар айыппұлдар қолдану, бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша бірқатар кешенді шаралар әзірледі.

БӨЛІСУ