Арал ауданы №260 мектептің бас есепшісі Д.Жаналиев есімді азамат өзінің қызметін пайдаланып, 2023 жылдың қаңтар айы мен 2024 жылдың тамыз айы аралығында штаттық кестеге сәйкес жалақыдан бөлек өзінің есепшотына негізсіз артық қаржы аударып, бас пайдасына жаратқан. Сотталушының бұл іс әрекеті әр ай сайын жалғасып келген. Еңбек демалысы кезінде де өзінің есепшотына ақша аударып отырған.

Тергеп-тексеру барысында сотталушының жасаған қылмыстық әрекеті салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 20 417 530 (жиырма миллион төрт жүз он жеті мың бес жүз отыз) теңге шығын келген.

Соттың шешімімен бас есепші Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, қаржылық материалды жауапты қызметпен айналысу құқығынан 10 (он) жылға айырылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ, мемлекетке келтірілген 20 417 530 теңге қаражатты үкім заңды күшіне енген соң 2 (екі) ай мерзімде өз еркімен мемлекет пайдасына өндіру жүктелді.

Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында Қызылорда облысы бойыынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мемлекеттік мекемелердің барлық басшыларын бюджет каражатын жұмсауды бақылауға алуға шақырады.

Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ақпараты

БӨЛІСУ