Қызылордада патрульдік полиция қызметкерлері ер адамды суицидтен құтқарды.
102 кезекші пультіне Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде ер адам өз-өзіне қол жұмсамақшы деген шақырту түсті.
Патрульдік полиция қызметкерлері Айдархан Кенжебекұлы және Шыңғыс Жалғасбай үй ауласында ер адамның ағаш баспалдаққа асылып жатқандығын көреді.
Полицейлер ер адамды құтқаруға әбжіл әрекет жасап, оның өмірін өлімнен арашалады. Ер азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылып, полицейлердің еріп отыруымен ауруханаға жеткізілді.