ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті мектептегі дұрыс тамақтану мәзірін жариялады. Мектепте дұрыс тамақтануды қамтамасыз ету мақсатында Комитет жетекші бейінді сарапшылармен бірлесіп білім беру ұйымдары үшін әзірлеген Үлгілік перспективалық мәзірде ұлттық тағамдарға баса мән берілгенін айта кеткен жөн. Енді мектеп оқушылары жылқының жас етінен қуырдақ, сиыр етінен сірне, нанпалау, ірмішік, жент сынды ұлттық дәмдерді тұтынатын болады.

Мәзір қауіпсіз, теңдестірілген және ғылыми негізделген,балалардың физиологиялық қажеттіліктері мен калориясын ескере отырып жасалған,-деген комитет хабарламасында.

БӨЛІСУ