Қызылорда облысында қызметтік иттің көмегімен бір жылда 72 қылмыс ашылды.

Қызылорда облысында Елай қызметтік иттің көмегімен бір жылда 72 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
М-32 Шымкент – Самара тас жолының бойында Қызылорда облысы Жанақорған ауданының тұсында «Шеп» бекетіне кезекшілікке түскен, Қызылорда облысы ПД Кинологиялық қызмет орталығының инспектор-кинологі Пазылов Азамат күдік тудырған Toyota автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында өзіне бекітілген Елай қызметтік-іздестіру итінің көмегімен автокөліктің жүк салғышынан жол сөмкесіне салынған 5 полиэтилен пакетке оралған есірткі заттары анықталды. Зерттеу қорытындысына сәйкес, анықталған есірткі заттары жалпы салмағы 5173,16 гр кептірілген марихуана екені белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізілуде. Есірткі қылмысына қарсы күресте қызметтік-іздестіру иттері таптырмас көмекшіге айналды. Жедел іс-шаралар барысында кинолог мамандармен қызметтік-іздестіру иттерін пайдалану арқылы есірткінің заңсыз айналымына қатысты 77 қылмыстық құқық бұзушылық деректері анықталып, жалпы салмағы 27 келі болатын есірткі заттары алынды. Қызылорда облысының полиция бөлімшелерінде 20 қызметтік-іздестіру иті бар. Оның 12-і – облыстық полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында ұсталады. Едәуір бөлігі, 7 қызметтік-іздестіру иті есірткі заттарын іздестіру жұмыстарына оқытылған. Олардың ішінде белгиялық овчаркасы Елай – осы бағыттағы үздіктердің бірі. Елай қызметтік иттің көмегімен бір жылда 72 қылмыс ашылды.

БӨЛІСУ