ӨРІСТІ ӨЛКЕНІҢ ӨМІРШЕҢ БАСТАМАЛАРЫ

        Биылғы жыл Сыр өңірі үшін қанжығасы майлы жыл болды десек қателеспейміз. Сөзімізге аймақтағы тынымсыз тірлік, бекем бірліеюк тұздық. Облыс барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштермен республика бойынша І орында. Бір ғана құрылыс жұмыстарының көлемінің өзі 50 пайызға артты. 193,9 млрд.теңгеГе ана шеті Арал, мына шеті Жаңақорған аралығында қарқынды жұмыстар жүруде. Бюджетен де, бюджеттен тыс көздерден де халық қажетіне керек нысандар салынуда. Жыл басында жоспарланған 517 млрд. 500 млн теңгеинвестицияның 478 млрд. 300 млн теңгесі 10 айда орындалды. Оның 74 пайызы жеке инвестициялар екенін де айта кеткен жөн.
Тағы бір ауыз толтырып айтар олжа облысымыздың бюджеті 744 млрд теңгеден асты. Осыдан екі жарым жыл бұрын аймақ бюджеті 364 млрд теңгеболатын. Өсім 204,4 пайызды құрап отыр. Үлкен қажыр, мықты мәміленің нәтижесі деуге толық негіз бар. Аймақ басшысының іскерлігінің нәтижесінде қол жеткен ірі жоба Жылуэлектр орталығының құрылысы. Қазіргі таңда өңір тұрғындарын 1964 жылы пайдалануға берілген ЖЭО жылумен қамтамасыз етіп отыр. 75%-ның тозығы жеткен. Әрі халық санының артқанын ескерсек жаңа нысан дер уағында қолға алынды. Орталықтандырылған жылу жүйесіне 2 949 нысан, оның ішінде 808 көппәтерлі үй қосылған. Биыл осы нысандарды ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен 11 млрд теңге, қалалық қазандықтарды жөндеуге тағы 2 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар жылу желілерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 6 млрд теңге қарастырылды. Ал жаңа нысан келер жылы ел игілігіне ұсынылмақ. Бүгінде инвестор – «Акса Энерджи» түрік компаниясы жылу орталығының құрылысына 127 млрд. теңгеден астам инвестиция салды. Жаңа жылу-электр станциясы – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынған ең ауқымды, теңдесіз жоба екенін айта кеткен жөн.


«Жаңа ЖЭО іске қосылуы оңтүстік өңірлердегі электр энергиясының жүктемесін тұрақтандыруға және тұтастай алғанда еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға оң әсерін тигізеді», — деп атап өтті аймақ басшысы.
Жалпы соңғы 3 жылда облыста құны 30 млрд. 300 млн теңгені құрайтын 35 инвестициялық жоба жүзеге асып, іске қосылған екен. 

Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы аясында өткен жылы 3 млрд. теңгеге 406 жоба жүзеге асты. 713 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл бағдарлама аясында 4 млрд. 600 млн. теңгеге 575 жоба жүзеге асырылуда. Бұл бағытта  әсіресе «Абай-Дәулет»серіктестігінің нәтижелі жұмыстарын үлгі етуге болады. Оған арнайы сапарында Үкімет басшысы да оң бағасын берді. “Қызылорданың жұмысын тәжірибе ретінде тарату керек” деуінде мән бар.
Тіршілік нәрі, елдімекендерді сапалы ауыз сумен қамту бойынша да қарқынды жұмыстар бар.Жалпы құны  16 млрд 800 млн теңгені құрайтын 55 жоба жүзеге асырылғаны сөзімізге дәлел. Нәтижесінде, халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 98,6 пайызға дейін жетіп отыр. 2025 жылы барлық елдімекендер орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіліп, бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді деген меже бар.
Айтпақшы, Тағы бір түйіткілдің түйіні тарқағалы тұр.  Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі  566 шақырым жолды 1-санатқа ауыстыру мәселесі бойынша «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамымен жобаның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Бұл жоба жүзеге асса бес ауданның халқына ғана емес, халықаралық дәліз қызметін пайдаланушыларға да зор игілік болмақ. Экономикалық тиімділігінен бөлек, жөл-көлік оқиғасының статистикасын өзгертеді деп отыр мамандар.
Өңір басшысы  биылғы жылды «Руханият жылы» деп жариялағаны мәлім. Соның аясында 1000 орындық «Өнер» орталығы пайдалануға беріліп, жыраулық дәстүр өкілдерінің көптен күткен тілегі — Жыраулар үйі  ашылды.
Жыл соңына дейін барлық ауданда ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, мұрағат, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар құны 11 млрд. 500 млн. теңгені құрайтын «Руханият» орталықтары пайдалануға берілмек. Құны 2 млрд. 300 млн теңгені құрайтын облыстық тарихи-өлкетану музейі, 11 млрд теңгені құрайтын «Шығармашылық академиясы, халықаралық стандарттарға сәйкес 11 мың орындық Орталық стадион  салынуда.
Жақын күндері Қызылорда қаласында 19 млрд. теңгеге «ҚызылордаАрена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы бастау жоспарда.
Бұл жыл бедерінде өңірде атқарылған ілкімді істер. Өрісті өлкенің өміршең бастамалары.

БӨЛІСУ