Қызылорда қаласы, А.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінде Қызылорда облысы Полиция департаменті мен Қызылорда облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен облыс орталығы Қызылорда қаласында орналасқан 58 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен Қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторларының қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысын Білім басқармасы бастығының орынбасары Б.Ш.Есенбаев ашып берді.
Оқушылармен орын алып жатырған келеңсіз жағдайлар жөнінде айтып, алдағы келе жатқан мейрамдарда, қысқы демалыс кезінде оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында үйірмелерге баулу жөнінде тапсырма берді.
Кездесу барысында Қызылорда ОПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Р.Альдешов кездесуге қатысушыларға жалпы облысымыздағы және қаладағы кәмелетке толмағандармен жасалған және оларға қарсы жасалған қылмыстар туралы жалпы ахуалды, сондай-ақ білім беру ұйымдарында бұзақылық, буллинг, кибербуллинг, нашақорлық, жыныстық қол сұғылмаушылық қылмыстары, жол-көлік оқиғаларын алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ полиция департаменті және Сыр Медиа жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп әзірленген бейнеролик көрсетіліп, осы бейнероликті барлық білім беру ұйымдарында өткізілетін кездесулерде, жиналыстарда, дөңгелек столдарда міндетті түрде көрсету жөнінде ұсыныс айтылды.
Сонымен қатар кездесу соңында кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Осындай кездесулер алдағы уақыттада өз жалғасын табатын болады.

БӨЛІСУ