Қызылордада ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелерге қоғамның назарын аудару, отбасындағы бала тәрбиесінде ата-аналар ролін күшейту мақсатында пікір алмасу ашық алаңы өтті.
Кездесуге облыстық ҚХА ардагері, «Қазақстанның әйелдер күші альянсы»республикалық қауымдастығының Қызылорда облыстық ұйымының төрағасы Рахима Ахметова, Қызылорда облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары Дильфура Байрактарова, «Сенімен Болашақ» республикалық ата- аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы, Қызылорда облысы бойынша балалар құқықтары жөніндегі уәкілі, Аналар кеңесінің мүшесі Жақсыгүл Тоғанова, «Қазақстанның үздіксіз білім беру» республикалық қауымдастығының Қызылорда облыстық филиалының басшысы, Аналар кеңесінің мүшесі Наталья Мишукова, облыстық Альянс мүшесі,ардагер ұстаз Ұлбосын Бекмағамбетова және барлық аудандық Аналар кеңесінің төрағалары мен мүшелері (zoom платформасы арқылы), Әжелер ансамблі, колледж студенттері қатысты.
Ашық алаңда бала тәрбиесі, рухани жұтандық, ұрпақ қауіпсіздігі, отбасындағы сенім мен бірлік маңыздылығы, әлеуметтік желінің жастарға әсері, отбасылық тәрбиенің материалдық шектелуі, ажырасу деректерінің көбеюі, білім саласындағы еңбек тәрбиесінің құндылығы, жеке балабақшаларда әжелер мен аталар кеңесінің жұмысы, пилоттық жобалардың маңыздылығы, бір жыныстылардың көбеюі, ерте жүктілік, лудомания, зорлық-зомбылық,
қоғамды қоршаған кеселдермен күресу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, мектептегі тәрбиеге реформа енгізу, Жапониядағы тәрбие реформасын үлгі ретінде алу, қоғамдық ұйымдардың ұрпақ тәрбиесі жолындағы жұмыстарын жандандыру ұсыныстары айтылды.
Іс-шара аясында атқарылған жұмыстар бейнеленген роликтер көрсетілімі болды.
Шара соңында “Қоғамдық келісім” КММ директоры Бақытжан Камалов облыстық ҚХА ардагері, отбасы институтының дамуына сүбелі үлес қосқан Рахима Қаржаубайқызы Ахметоваға облыс әкімінің Алғыс хатын және республикалық Аналар кеңесінің 10 жылдық төсбелгісін табыстады.