Қызылордада: «Бала тәрбиесі-баршаға ортақ» тақырыбында кездесу  өтті.
​Қызылордалық полицей жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын-алу, болдырмау мақсатында Б. Шалғынбаев атындағы №217 IT мектеп-лицейінде кездесу өткізді. Кездесуге
Қызылорда ҚПБ Қабылдау- тарату орнының бастығы полиция капитаны Мұханов Еркебұлан Аділханұлы қатысты. Жиында тәртіп сақшысы жоғары сынып оқушыларымен тілдесіп, қылмыссыз қоғам орнатуға қатысты әңгімелер өрбітті.
​Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкері полиция майоры Байменова Бибінур заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23.00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынғанын айтып, жалпы түсінік беріп өтті. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. Кездесуде балалармен ашық әңгімелер айтылып, бейнероликтер көрсетілді.
​Одан бөлек, мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын-алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Ал, кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.

БӨЛІСУ