16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай іс шара өткізіліп, мерекелік шараға Департамент басшысы Ерлеген Мендалиев қатысты.Мемлекеттік қызметшілер ант қабылдау рәсімі ең алдымен ҚР Мемлекеттік Гимнің орындалуынмен басталды.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 10-бабы 2) тармақшасына, 21-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №532 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің ант беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген қызметшілер қабылдайды.
Аталған шарада мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің бас мамандары Д.Куанов, А.Өмірбай, М.Әуез және Қызылорда облысының білім және бақылау басқармаларының бас мамандары А.Оржанова, А.Нуртаза және Е.Аскаров Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларына» сәйкес, салтанатты түрде ант қабылдады.
Мерекелік жиында мемлекеттік қызметшілердің алғашқы қадамына Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы С.Қалжанов сәттілік тілеп, шын ықыласын білдірді.