Қала әкімдігі мен мемлекеттік кірістер басқармасы бірлесе кәсіпкерлерге арналған қолданыстағы заңнамалар жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Түсіндірмеде кәсіпкерлерге бақылау-кассалық машиналарды орнату, көрсетілген қызмет пен сатылған тауарларға чек беруін қамтамасыз ету қажеттілігі айтылуда.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарымен бастау алған “Чек талап ет, сыйлық ұтып ал” ынталандыру акциясы кеңінен ақпараттандырылуда. Акцияда Қазақстанның әрбір тұрғыны кез-келген затты немесе қызметті сатып алу кезінде түбіртекті талап етіп, смартфон және басқа да бағалы сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін түбіртектерді “Әмиан” мобильді қосысшасына тіркесе болады.

БӨЛІСУ