Қызылордада: «Өз көзіңмен көр ! » тақырыбында ашық есік күні өтті.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы ЖПҚб Ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерлері жасөспірімдер арасындағы қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар мен оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу бағытында «Өз көзіңмен көр!» атты іс-шара, ұйымдастырылды.
Қала аумағында орналасқан орта және арнаулы орта білім беру ұйымдарындағы студенттер мен оқушыларды Қызылорда қаласы Полиция басқармасының әкімшілік қамау, уақытша ұстау және қабылдау тарату мекемелеріндегі ақпараттық сервистермен таныстырылды. Білім алушыларға қойылған сұрақтарына толықтай жауап берілді.
Атап айтқанда, Орда жоғарғы колледжі, С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжі, М. Саламатов атындағы колледж білім алушыларына әкімшілік құқық бұзушылық жасамау, қоғамдық орында ұсақ бұзақылық, тиім салынған заттарды ұстамау, топтық төбелестерге қатыспауды және болашақ өз қолында екенін айтып өтіп, заң бұзушылықтарға бармауды шақырды.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

БӨЛІСУ