Қызылорда қалалық мәслихатына №19 бір мандатты сайлау округі бойынша сайлау өтуде. Сайлау барысында дауыс берушілердің жоғары белсенділігі байқалуда. Қаладағы Абай атындағы #2 мектепте орналасқан №243, №353 сайлау учаскелері және “Саяхат” шағын ауданындағы “Сыр бөбегі” бөбекжай-бақшасында орналасқан №348 және №383 сайлау учаскелері өз жұмыстарын қарқынды жалғастыруда. Аталған учаскелерде сайлаушылар үшін барлық қажетті жағдай жасалған, ал байқаушылар саяси науқанның заң аясында және әділ өтуін қадағалап отыр.
Халық өз таңдауын жасап, болашақ депутатты сайлауға үлкен жауапкершілікпен қарауда.