Бүгін облыстық мәслихат депутаты, Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Б.Шәменованың төрағалығымен тұрақты комиссияның отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары мен сала мамандары қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде 6 мәселе қаралды. Оның ішінде 2024 жылдың аяқталуына байланысты қаржыны толығымен игеру үшін 2024-2026 жылға облыстық бюджетті нақтылау мәселесі, 1 ай қаралған 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетін сессиямен бекіту туралы мәселе, сонымен қатар, 2021-2025 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму жоспарын бекіту туралы Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы шешіміне өзгерістері талқыланды.
Тағы бір маңызды мәселе – ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ, оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету. Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы шешімімен оның тәртібі мен мөлшері айқындалған болатын. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссиясының ережесі мен құрамы да депутаттар тарапынан талқыланды.
Отырыс соңында күн тәртібіндегі 6 мәселе ҚР заңдылығын сақтай отырып, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына жіберілді.