Бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов «Тұран» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесіп, бастауыш ұйым алдындағы міндттер, партия жұмысының тиімділігін арттыру жолдарын пысықтады. Алмасбек Есмахановтың пікірінше, мұндай кездесулер оқуға, тәжірибе алмасуға және партия төрағасы қойған міндеттерді жүйелі орындауға көмектеседі.
Атап өтейік «Тұран» бастауыш партия ұйымы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті оқытушылары мен студенттерінен жасақталған. Қазіргі таңда ұйым құрамында «Бірлік», «Дарын», «Өркен», «Айқын», «Сәулет», «Болашақ», «Әділет» секілді 7 бастауыш топқа біріккен 1374 партия мүшесі бар. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма Төрағасы-ректоры, филология ғылымдарының кандидаты, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Бейбіткүл Каримованың жетекшілігіндегі ұйым білім-ғылым саласындағы партия айқындаған басымдықтарды іске асыруда үлкен үлес қосып келеді.
Жиында ұйым төрағасы 11 айда атқарылған жұмыстар есебін беріп, партиялық қызмет, партиялық жобалар төңірегінде әңгіме өрбітті.
Атап айтсақ, бастауыш партия ұйымының құрамындағы партиялық топтар жоспарға сәйкес, сондай-ақ партиялық жобалар шеңберінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, тұрғындарға құқықтық көмек те ұсынуда. Мәселен, есепті мерзімде 7 қабылдау өткізілген. Олардың 3-і көшпелі қабылдау ретінде Бастауыш партия ұйымында өткен. Қоғамдық қабылдаулар барысында азаматтардан 35 өтініш тіркеліп, оның 31-і яғни,91% оң шешім тапқан.4 мәселе бойынша қолданыстағы заңдар аясында кеңестер берілген.
Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Соғыс және тыл ардагерлермен кездесулер ұйымдастырылып, олардың әлеуметтік – тұрмыстық жағдайына байланысты үнемі қолдау көрсетіп келеді. Ұйым мүшелері мен ерікті жас волонтерлер қоғамда экологиялық сана қалыптастыруды көздейтін «Таза Қазақстан» Таза Бейсенбі» экологиялық акциясына да белсенді қатысуда.
Жиында ұйым мүшелері де өз ұсыныстарымен бөлісті. Соның ішінде халықаралық бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру бағытында өңірде жаппай ағылшын тілін үйренуге үндеу тастау, ғалымдарды қолдау, әрі өңірде жаңа жобаларды жүзеге асыру мақсатында партия алаңында жергілікті кәсіпкерлермен бірлескен «Ғалымдар кешін»ұйымдастыру секілді ұсыныстарды ортаға салды.
Партия төрағасы айтылған ұсыныстар бойынша алдағы уақытта жұмыс жасалатындығын жеткізді. Сонымен қатар ұйымның белсенді қызметіне ризашылығын білдіріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.