Биыл аймақ басшысының қолдауымен облыс орталығын көгалдандыру-абаттандыру мақсатында «Жасыл Қызылорда» мекемесі құрылғаны белгілі. Жасыл желекті күтіп-баптап, тұрғындарға жайлы атмосфера сыйлауға бағытталған жұмыстарды жыл бойы атқаратын мекеме қызметкерлері қазір арық жүйелерін аршып, тазалау үстінде. Көктемгі суару мезгіліне дайындықты пысықтаған қала әкімі Нұржан Ахатов қала аумағын күнделікті аралауда.

– Қамыс пен құм басқан су арналарын тазартуға ұдайы көңіл бөлу керек. Өйткені қай шаруаға да ерте қамданған қапы қалмайды. Мекеменің басты мақсаты – аяқсу кедергісіз өтіп, діттеген аумаққа дер кезінде жеткізуі керек. Сондықтан жұмысты сапалы атқарып, негізгі каналдардың табанын аршып, арықтарды толық тазалауды тапсырамын,- деді Нұржан Сәбитұлы.

Айта кету керек, қала аумағын аяқсумен қамтамасыз ету үшін Сырдария өзені мен каналдарға 19 су сорғы насосы орнатылған. Олардың көктемге дайындығы да жіті назарда.

БӨЛІСУ