Келер жылы бас жоспардың қолдану мерзімі аяқталады. Оны жаңалау мақсатында әзірлік шаралары қаңтар айында басталған болатын. Қазіргі таңда ашық конкурс арқылы жеңімпаз атанған Алматы қаласының «Казгипроград» 1 жобалау институты ЖШС сызба жұмыстарын нақтылауда. Яғни, жобалаушы мекеме жергілікті мекемелерден, ұйымдардан және коммуналдық кәсіпорындардан қосымша мәліметтер алуда. Осыған дейін әзірленген елдімекенді дамытудың ұзақ мерзімді болжамының екі нұсқасы зерделеніп, ұсыныс-пікірлері тыңдалған еді. Бүгін бас жоспардың жай-жапсары талқыланып, қала әкімі Нұржан Сәбитұлы сызбаға ерекше мән беру қажет деп, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма берді.
Айта кету керек, келісім-шарт бойынша жобалаушы мекеме 1-ші кезеңде атқарылу тиіс жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтайды.