«СЫР ЛИГАСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «ЖІГІТТЕРДІҢ СҰЛТАНЫ» байқауының облыстық қорытынды кезеңі өтті. Байқаудың басты мақсаты – жас ұрпаққа ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітіне тән қасиеттермен қаруланған, өз салтына сай, болашақтың тірегі, дені сау, жан-жақты тұлға тәрбиелеу.
Қазақ халқының әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың дүниеге келуін «Ұл туғанға — күн туған» — дегендей ерекше бақыт, сый санайды. Оның себебі — қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала деп санауында болмақ. Ер бала бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай қасиеттеріне бағдар бере отырып, оларды адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке тәрбиелеуді мақсат еткен бүгінгі байқауға өз өңірлері бойынша ең мықты, ең тапқыр, бір сөзбен айтқанда «сегіз қырлы, бір сырлы» сері жігіттерден құралған 8 команда (40 қатысушы) іріктеліп келді.
Байқау 4 кезеңнен тұрды:
1. Таныстыру кезеңі «Тегімді менің сұрасаң»
2. «Күш атасын танымас» Кір тасын көтеру
3. Театр көрмесі (сахналық қойылым көрсету)
4. Арқан тартыс кезеңі
Байқау нәтижесі бойынша
1 — орын — Арал ауданы, «Қыран” тобы.
2- орын — Шиелі ауданы, “Абай өрендері” тобы;
3 — орын — Қазалы ауданы, «Бес қару» тобы иеленді.
Барлық байқау қатысушылары белсенділігі мен ерекше көзге түскені үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.