ҚЫТАЙЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ: «АНАҒА ТАҒЗЫММЕН» БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСҚА НИЕТТІМІЗ

Биыл наурызда Бейжіңде Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы салтанатты түрде ашылды. Ал, 2025 жылы Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы өтеді.

Екі елдің мәдени-гуманитарлық байланысы және туризм саласындағы ықпалдастықты күшейтуге бағытталған маңызды бастама аясында күні кеше Қызылордада 3 күндік ақпараттық тур бастау алды. Оған Үрімші, Пекин, Шанхай секілді Аспан асты елінің ірі қалаларынан 30 туроператор өкілдері арнайы келіп, Сыр өңіріндегі тарихи-мәдени нысандармен танысуда.

Ақпараттық тур аясында «Анаға тағзым» орталығында болған делегация өкілдері қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, салт-дәстүріне, қолөнердің мол түріне ерекше қызығушылық танытты. Тіпті, бірқатар туроператор өкілдері қытайлық оқушылардың жазғы демалысын тиімді жоспарлау мақсатында орталыққа арнайы тур ұйымдастыруға ниетті екенін жеткізді.

 3 күндік турда қытайлық делегация «Байқоңыр» ғарыш айлағы, Қорқыт Ата мемориалдық кешенінде болып, Арал ауданына да сапар шекпек.

БӨЛІСУ