КҮШЕЙТІЛГЕН ЖҰМЫСТАР ЖҮРУДЕ

 Қызылорда қаласында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген түрде жұмыстар жүргізілді.

 Нәтижесінде, барлығы 52 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүргені үшін
37 ата-анаға қатысты (ӘҚБтК-нің 442) әкімшілік шара көрілді және 8 жасөспірім бейімдеу орталығына жатқызылды, ата-ананың мiндеттерін орындамаған үшін 5 жасөспірімнің ата-анасына қатысты (ӘҚБтК-нің 127) әкімшілік шаралары көрілді.

 Сондай ақ, 2 дерек (ӘҚБтК-434-2 бабының 1,2 бөліктерімен) яғни, ортақ пайдаланатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау анықталды.

БӨЛІСУ