Қала көлемінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу, сондай-ақ, балалардың түнгі уақыт аралығында жалғыз жүруін қадағалау, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша «Қауіпсіз қоғам» рейдттік профилактикалық жұмыстары жүргізілуде.
Рейд барысында адамдар көп шоғырланатын қоғамдық тамақтану орындары, парктер және түнгі клуб орындары қамтылды.
Түнгі рейд жұмыстарына партияның депутаттық фракция мүшелері, партия белсенділері, Қызылорда облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының өкілдері, «Жастар Рухы» ЖҚ облыстық филиалының еріктілері қатысты.
Рейд барысында анықталған құқық-бұзушылақтар бойынша тиісті шаралар қабылданды.