Қызылорда қаласы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2 млрд. 223 млн.теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылмен салыстырғанда 103,5 пайызды құрады.

Биылғы жылы 8 257 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде: негізгі дақыл күріш 3 856 га, бидай 368 га, қант құмайы 

40 га, жаздық арпа 2 га, жаңа жоңышқа 224 га, ескі жоңышқа 1 317 га, картоп 130 га, көкөніс 1 330 га, бақша 990 га.

Күріш дақылын күтіп-баптау жұмыстары бойынша 1600 гектар үстеп қоректендірілсе, 1850 гектар гербицидпен өңделді .

Биылғы жылы егілген 3856 гектар күріш егістігінің шығымдылығын сала мамандарының зерделеу барысында 2892 гектары (75,0%) «жақсы»,
771 гектары (20,0%) «орташа», 193 гектары (5,0%)«қанағаттанарлық» деп бағаланып отыр.

Ерте көктемде егілген 368 гектар жаздық бидайдан 368 тонна өнім жиналды (орта өнім 10 ц/га).

Сонымен қатар ораққа түсетін мал азықтық жоңышқа шөбінің бірінші және екінші орымынан 7 443 тонна жоңышқа шөп дайындалды. (орта өнім 20 ц/га).

Қазіргі таңда көкөніс, бақша дақылдарын жинау жұмыстары жүргізілуде. Көкөністің 990 гектарынан(74,4%) 135,0 центнер, бақшаның 740 гектарынан(74,8%) 136,0 центнерден өнім жиналуда.

Қала бойынша мүйізді ірі қара 24 922  бас, уақ мал 32 751 бас, жылқы 17 393 бас, түйе 3 170 бас, құс 17 215 бас өсірілуде.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 20,5%-ға, жылқы 5,5%-ға, қой-ешкі – 22,1% көбейсе, түйе 3,0%-ға кеміген.

Есепті кезеңде қала бойынша барлығы 1695,1 тонна ет (тірі салмақта), 2444,7 тонна сүт және 591,4 мың дана жұмыртқа өндірілді.  

Өткен жылмен салыстырғанда өсім тиісінше ет өндіру 4,2%-ға, сүт 0,2%-ға, жұмыртқа өндіру 0,9%-ға көбейген.

2024 жылдың 9 айдың ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы техникаларын жүргізуге 60 адамға куәлік беріліп, жеке және заңды тұлғаларға жаңа үлгідегі 418 дана техникалық паспорттар мен
418 дана мемлекеттік белгілер берілді. 47 дана кепілдік келісім-шарты мен қосымша келісім-шарттарын тіркеу және кепілден босатулар рәсімделіп,
35 ауыл шаруашылығы және жол құрылыс техникалары мемлекеттік техникалық байқаудан өткізілді.  

2024 жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақыға 40,6 млн.теңге (110 маман) бөлініп, бүгінгі күнге 110 маманға
(1 маманға 369 200 тг) көтерме жәрдемақы беріліп, бөлінген қаржы толығымен игерілді. Бюджеттік кредитке 524,2 млн.теңге (71 маман)бөлінді. Бөлінген қаржы қаржылық жоспарға сәйкес игерілетін болады

БӨЛІСУ