Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы онлайн режимде халыққа есеп берді.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Жақиянов Қайрат Тойшыбекұлы қала тұрғындары алдында есептік кездесу өткізді. Есептік кездесу Полиция басқармасының «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде өтті. Есептік кездесудің өтуі жөнінде әлеуметтік желілерде хабарландыру жарияланған болатын. Бұл хабарландыруға сәйкес, қала тұрғындары өз сауалдарын электрондық пошта, әлеуметтік желі, мессенджерлер арқылы жолдауларына мүмкіндік алды.
Халық алдында есеп беру кездесуін Қайрат Тойшыбекұлы ашып, қылмыстық ахуал мен қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы айтып, 2024 жыддың 9-айында атқарылған жұмыстары қорытындылады.
ҚР Президентінің халыққа Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде «жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Басты міндет – сапалы қызмет, халықпен етене жақын болып, қылмыстардың себептері мен жағдайларын анықтау және олардың алдын алу шараларын қабылдау.