Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай ұйымдастырылған “Бірінші курс-2024” дәстүрлі спартакиадасы өз мәресіне жетті.
Спартакиаданың жабылу рәсімі студенттердің бірлігі мен достықты нығайтатын ерекше оқиға ретінде үлкен маңызға ие болды. Жарысқа қатысушылар спорттың 8 түрінен бақ сынап, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Салтанатты жиынға Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай қатысып, жүлдегерлерді марапаттады.
Спартакиада қорытындысы бойынша жалпы командалық IIІ орынды Экономика және құқық институты, II орынды Гуманитарлық-педагогикалық институты иеленді. Биыл жарыстың жеңімпазы Инженерлі-технологиялық институтының командасы атанды. Сонымен қатар, үздік ойыншылар марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.